Муниципалитеттер
Қоғамдық көлік және туристік объектілер, мемлекеттік органдардың, әдеттегідей, қалалық және облыстық үкіметтердің жауапкершілік аймағына кіреді. Жергілікті билік органдарының күн тәртібінде, әдетте, қалалық ортаны жақсартуға және қалаларды көгалдандыруға, жол жүктемесін азайтуға және қоғамдық көліктер мен туристік объектілердің қолжетімділігін арттыруға байланысты көптеген міндеттер бар.
Іске оңай қосылатын платформа
Барлығына ашық қала
O-CITY әлем бойынша 130-дан астам қалаларда қолданылады. Біз мемлекеттік органдарға ең жақсы салалық стандарттарға сәйкес қала тұрғындары мен туристер үшін цифрлық төлем сервистерін қамтамасыз етіп қана қоймай, муниципалитеттерге озық технологияларды қолдану арқылы қажетсіз шығындарды азайтып, қосымша табыс алуға көмектесетін электрондық билеттеу платформасын ұсынамыз.
O-CITY төлем сервистерінің ыңғайлылығын, ашықтығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, барлық қатысушыларды бір қалалық экожүйеге біріктіреді, бұл қаланы тұрғындар мен туристер үшін одан да жайлы және тартымды етеді. Тарифтеуді жеңілдетуден және көлік легін басқарудан басқа, ақылды қалалар үшін шешімдерді енгізу жанасусыз төлемдердің таралуына ықпал етеді және қолма-қол ақшасыз экономиканың дамуындағы маңызды кезең болып табылады.
Муниципалитеттерге арналған негізгі функционал
- Тарифтік саясатты орталықтандырылған басқару
- Көлік парктерін және ТСП басқару
- Субсидияларды бөлу
- Басқа стейкхолдерлермен бірлесіп жүйені басқару
- Серіктестер арасындағы ыңғайлы есеп айырысу функциялары
- Маршруттарды мониторингтеу және басқару
- Туристік объектілерге қолжетімділікті қоса алғанда, қосымша қалалық сервистер және мемлекеттік цифрлық қызметтер
- Жүйенің жаңа қатысушылары үшін оңай қосылу
- Сервистердің мультимодальдығы
Бір қала. Бір платформа.
Ақылды қалалық орта құру
Автоматты электрондық билеттеу төлем процесін жеңілдетеді және қалалардағы өмірді жайлы етеді, яғни қала тұрғындары мен қонақтарына бір нүктеден екінші нүктеге ыңғайлы қозғалуға мүмкіндік береді.
Бүкіл қала үшін бірыңғай төлем сервисі
O-CITY қоғамдық және жеке көліктерде жол ақысын төлеу үшін, сондай-ақ электрондық билет арқылы алуға болатын кез-келген басқа қызметтер үшін, мысалы, қағаз түріндегі билеттерсіз және кезектерсіз жол жүруге рұқсат алу немесе концерттік іс-шараға өтуге ақы төлеу үшін қолданылуы мүмкін.
Әлеуметтік саланы жақсарту
O-CITY - мемлекеттік органдармен халықтың жекеленген топтарын «ақылды» сервистермен қамту үшін қолданыла алады. Ашық түрдегі технологиялардың арқасында біздің платформа такси қызметтерімен немесе жолсеріктерді іздеумен және қала маңындағы тасымалдаушы компаниялармен бірігуі мүмкін. Бұл дербестендірілген тарифтеуді және пайдаланушылар үшін уәждемелік бағдарламаларды қолдануды қамтамасыз ете отырып, экожүйені қала қабырғасынан тыс шығаруға мүмкіндік береді.
Субсидияларды бөлу
O-CITY-ді пайдалану арқылы қалалық және аймақтық билік органдары мемлекеттік субсидияларды бөлу туралы өзекті есептерді алатын болады. Егде жастағы адамдарға, мүмкіншіліктері шектеулі тұлғаларға, студенттерге және белгілі бір жасқа дейінгі балаларға арналған жеңілдіктерді дербестендірілген есепке алуды төлем жасау сәтінде автоматты түрде жүргізуге болады.
Таңдау бойынша кез келген құралмен төлеу
O-CITY соңғы пайдаланушыларға жанасусыз банк картасы, электронды әмиян, NFC қолдайтын құрылғы, тасымалданатын құрылғы, динамикалық QR-коды немесе штрих-код болсын, қалаған төлем құралын таңдауға мүмкіндік береді. Төлем лезде, қандай да бір кідіріссіз және кедергісіз, жол жүру уақытын қысқартып, жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып жүргізіледі.
Тарифтік саясатты орталықтандырылған басқару
O-CITY көмегімен әр түрлі санаттағы пайдаланушыларға тарифтерді оңай тағайындауға, промо-акциялар өткізуге немесе қажет болған жағдайда тегін жол жүруді белгілеуге болады. Біздің шешіміміз муниципалитеттерге аймақтық тарифтеуді және субсидиядан жол ақысын төлеуді орталықтандырып жүзеге асыруға, сондай-ақ түсімдер бойынша толық ақпарат алуға және оның негізінде қызмет көрсету сапасын арттыра отырып, көлік паркін және көрсетілетін сервистерді басқаруға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздікті арттыру
Қолма-қол төлемдерден бас тартуға мүмкіндік бере отырып, O-CITY пайдаланушылардың қауіпсіздігіне ықпал етеді. Электрондық билеттеу, дербестендірілген төлемдер және толық ашықтық жүйені пайдалануда ыңғайлы және қауіпсіз етеді, яғни пайдаланушылар үшін тартымдырақ болады.
Билетсіз жол жүрумен күрес
Жүйеде операциялардың ашықтығын қамтамасыз ете отырып, O-CITY билетсіз жол жүрулердің санын азайтуға көмектеседі. Төлемдер нақты уақыт режимінде жүзеге асырылатындықтан, операторлар жасалатын транзакциялар, сондай-ақ кеңінен тараған маршруттар мен қызметтер туралы өзекті және толық ақпаратқа қол жеткізе алады.