O-CITY платформасы
Электрондық билеттеу жүйелері жабық түрдегі шешімдерден (төлем тек осы желінің ішінде болған кезде) түрлі ақылды және жанасусыз төлем құралдарын пайдалана отырып, ашық түрдегі шешімдерге дейін жетті. Алайда, осы күнге дейін әлемнің көптеген бөліктерінде көлікпен жүру немесе киноға бару үшін кассадан билет сатып алуға уақыт жұмсауға тура келеді. O-CITY көмегімен көлік компаниялары, үкіметтер және ТСП қалаларда өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде пайдаланушылардың өздері сервистерді жеңіл әрі ыңғайлы төлеуі үшін электрондық билеттеу жүйелерін құра алады.
O-CITY – бұл жолаушылардың, көлік операторларының, муниципалитеттердің және ТСП қажеттіліктерін ескере отырып жасалған электронды төлемдерді автоматты түрде жинаудың ең үздік платформасы. Онда жоғары сапалы сервис пен барлық санаттағы пайдаланушыларға ыңғайлылықты қамтамасыз ететін ашық түрдегі инновациялық технология қолданылады.
Ашық шешім
O-CITY негізіне ашық түрдегі технология жатқызылады. Бұл төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті деректер мамандандырылған көлік картасында немесе нақты көлік операторында сақталмайды дегенді білдіреді. Қала тұрғындары да, қонақтары да жол ақысын төлеу үшін өз таңдауы бойынша кез келген құралдарды пайдалана алады: смарт-карталарды, Visa, Masterсard немесе UnionPay жанасусыз карталарын, мобильді әмияндарды және QR-кодтарды – жанастырып басыңыз да, өте беріңіз.
Дербестендірілген деректерді есепке алу
Ашық түрдегі O-CITY платформасы деректерді жеке есепке алу және оларды бұлтта сақтау архитектурасына ие. Шешімдердің бұл түрінің көптеген артықшылықтары бар, өйткені олардың көмегімен пайдаланушылар әр түрлі қызметтерге (автобуспен, поезбен, метромен жүру, ТСП төлемі) ақы төлей алады және жеке кабинетте жасалған операцияларды көре алады. Операторлар үшін дербестендірілген деректерді есепке алу шығындарды азайтуды, кірістілікті арттыруды және тарифтік жоспарларды қарапайым басқаруды білдіреді.
Сіздің логотипіңіз бар мобильді қосымша
O-CITY мобильді қосымшаны пайдалануды ұсынады, онда соңғы пайдаланушылар өздерінің тіркеулік жазбаларын қарап, басқара алады, оларға карталар мен төлем құралдарын байлап, сапарларды жоспарлап, қадағалап, техникалық қолдау қызметімен байланыса алады. O-CITY қосымшасы смартфондарға, батырмалы ұялы телефондар мен компьютерлерге арналған әмбебап дизайны бар нұсқаларда бар және көлік операторы өзінің логотипін корпоративті стандарттарға сәйкес өзінің басты бетіне орналастыра алады.
Гибридтік жүйе
Әдетте, O-CITY дербестендірілген деректерді ескере отырып, ашық модель бойынша қолданылады. Бірақ, біз қолданыстағы жол ақысын төлеу жүйелеріне қолма-қол ақшасыз және қағазсыз төлемдерге көшу үшін аралық кезең қажет екенін түсінеміз, оның барысында оператор төлемақыны цифрлық жанасусыз қабылдауды толық меңгергенге дейін жабық түрдегі карталар қабылданып, жаңа платформа арқылы қолдау көрсетілетін болады. O-CITY шешімі операторлар мен пайдаланушыларға таңдау еркіндігін қалдырып, бір уақытта әртүрлі төлем құралдары мен форматтарын қолдай алады.
Әмбебап және «темірден» бас тарту
O-CITY платформасының арқасында жаңа валидаторлар мен басқа да жабдықтарды сатып алуға шығынсыз көліктің кез келген түрінде және кез келген төлем терминалында жол жүру ақысын төлеу үшін цифрлық сервистерді оңай баптауға болады. Операторларға қала бойынша техникалық жағынан күрделі әртекті құрылғыларға қызмет көрсетудің қажеттілігі жоқ - мұның бәрін бұлтта жасауға болады. O-CITY жүйені таңдаудың бірнеше нұсқасын ұсынады: клиентте шешімді орнату, платформаны бұлтқа орналастыру (PaaS), бұлттық сервис (SaaS) немесе O-CITY мамандары тобымен төлем жобасына толық қызмет көрсету.
Көпфункциялылық
O-CITY жеке және мемлекеттік көлік операторларына көлікте және қала өмірінің басқа да салаларында электрондық билеттеу бойынша ақылы және жеңілдікті қызметтер көрсетуге көмектеседі. Бір платформаның негізінде жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын төлеу сервистерін, көлік инфрақұрылымын басқару жүйесі мен өткізу жүйесін, кинотеатрларға билеттер сату немесе тұрақ талондарын төлеу сервистерін баптауға болады, осылайша туристік аудандардағы, қаланың көрнекі жерлеріндегі және басқа да инфрақұрылымдық объектілердегі кезектерді қысқартуға болады.
EMV-мен қауіпсіз төлемдер
O-CITY компаниясының төлемдер саласындағы тәжірибесі оны қалаларда қауіпсіз төлем инфрақұрылымын ұйымдастыру үшін тамаша серіктес етеді. EMV технологиясын пайдалана отырып, жанасусыз төлемді енгізу бүкіл қала ауқымында қолданыстағы қауіпсіздік талаптарын толық сақтай отырып жүргізіледі.
Бір платформа, көптеген артықшылықтар.
Қоғамдық көлікті күнделікті жұмысқа бару үшін пайдаланатын жолаушылар жүйеге смартфондар арқылы қосылады және кассаға кезекке тұруға уақыт жұмсамай және билетсіз жүріп, жол ақысын кез келген ыңғайлы тәсілмен төлейді. O-CITY қосымшасында пайдаланушылар сапарлардың тарихы мен құнын, қандай карталармен және қандай сомалар төленгендері туралы ақпаратты қадағалайды және QR-кодтар, штрих-кодтар, карталар және тасымалданатын құрылғыларды қоса алғанда, төлем құралдарының алуан түрін пайдалана алады.
Көлік операторлары тарифтік жоспарлар мен көлік паркін басқара алады және бұлттағы маршруттарды жоспарлай алады. O-CITY кез келген күрделілік деңгейіндегі бизнес-логиканы іске асыруға мүмкіндік береді.
Ұялы байланыс операторлары платформаға оңай қосылып, олар ұсынатын қызметтердің сапасын арттырады. Олардың клиенттері көлікте жол жүру ақысын немесе ТСП қызметтерін төлеу үшін өздерінде бар мобильдік әмияндарды пайдалана алады.
Банктер де осындай экожүйеге өздерінің карталарын қала ауқымында қабылдауын реттеу арқылы қосыла алады. Көлік операторларымен және қала билігімен серіктестікте болып, олар жүйеге қатысушылар арасында есеп айырысуды қамтамасыз ете отырып, жанасусыз төлем сервистерін кеңінен таратуға қол жеткізе алады. Таңдалған бизнес-модельге байланысты банктер пайдаланушылардың шоттарына қызмет көрсете алады және олар арқылы өтетін төлемдерді басқара алады.
Жабық жүйелер әлі де операторлардың атынан билеттерді дәстүрлі түрде сататын көлік агенттеріне мұқтаж. Олар смарт-карталар мен дербестендірілген сервистердің артықшылықтарын көрсететін және оларды белсенді пайдалануға ықпал ететін ізашар ретінде әрекет етеді.
Мемлекеттік органдар төлем жинау тәртібін белгілейді, заңды талаптардың орындалуын қадағалайды және даулы жағдайларды шешуге қатысады, халықты жол ақысын төлеудің жаңа жүйесінің артықшылықтары туралы хабардар етумен айналысады және басқа қатысушыларды көлік экожүйесіне қосылуға шақырады.
Жоғары сапалы қызмет көрсету
Жылдам іске қосу
Open API арқылы басқа жүйелермен бірігу
Операторларға арналған негізгі ерекшеліктер
- Карталар мен шоттарды басқару
- Есеп айырысу-кассалық операциялар
- Тарифтеу
- Әлеуметтік жеңілдіктерді басқару
- Хабарламалар сервисі
- Адалдық және ынталандыру бағдарламасы
- Транзакцияларды өңдеу
- Ақ және қара тізімдерді басқару
- Есептілік және талдау
- Алаяқтықтан қорғау
- Клиенттерді техникалық қолдау қызметі
- Пайдалы ақпараты бар соңғы пайдаланушыларға арналған қосымша
- Пайдаланушы бөлігі және сервистік операторларға арналған бөлімдері бар порталдар
Соңғы пайдаланушыларға арналған функционал
- Ұялы телефон мен компьютерге арналған қосымшаның нұсқалары
- Сапарлар туралы толық ақпарат
- Жиынтық кестелер және талдау
- Қауіпсіз төлем әдістері
- Әр түрлі көлік түрлері мен көлік қызметтері үшін қолдану
- Жоғалған карталарды жылдам қалпына келтіру
- Пайдаланушыларға арналған портал
- Даулы мәселелерді бақылау және реттеу