Жол ақысын төлеудің бұлтты жүйесі
Ашық түрдегі төлемдер концепциясы
Ашық түрдегі төлемдер дегеніміз не?
Ашық түрдегі төлемдер көлікте жол жүру және басқа да сервистерді төлеудің ыңғайлы тәсілі ретінде әлем жұртшылығының назарын аударуда. Ашық түр төлемдерді жинау және өңдеу жүйесіне жатпайтын кез келген төлем құралдарын төлеу үшін қолдануға болатындығын болжайды. Басқаша айтқанда, жолаушы осы көлік желісінде тіркелмеген болса да, өзінің жанасусыз картасымен сапар ақысын төлей алады. Осылайша, бір төлем құралы әртүрлі төлем сервистері үшін пайдаланылуы мүмкін.
Жабық түрдегі төлем жүйесі дегеніміз не?
Жабық түрдегі жүйелерде төлем құралы (карта) осы нақты жүйеге тіркелген. Оператор шығаратын көлік картасы, мысалы, Лондондық Oyster картасы сияқты, оларға ұсынылатын сервистерді төлеу үшін ғана пайдаланылуы мүмкін. Жабық түрдегі модель бойынша жұмыс істейтін операторлардың көпшілігі жүйені қолдаудың жоғары шығындарына тап болады және олардың тарифтеуді басқару мүмкіндіктері шектеулі, бұл өте күрделі және жүйенің әртүрлі деңгейлерінде өзгерістер енгізуді талап етеді. Жабық түрдегі жүйені пайдаланушылар үшін жеке көлік картасы болу және оны тұрақты түрде толтыру немесе оған жол жүру билеттерін жазып отыру қажеттігін білдіреді. Бұл сценарий, сондай-ақ билет кассалары мен аппараттарының болуын қарастырады, бұл жүйені иелену құнын одан әрі арттырады.
Жол ақысын төлеудің бұлтты жүйесі
Ашық түрдегі төлемдер көбінесе төлем бойынша дербестендірілген деректерін есепке алумен байланысты. Жеке карталарды шығаруды көздемейтін жүйелерде бұлттағы әрбір пайдаланушы үшін жеке тіркеулік жазба қалыптасады, онда сапар құнын есептеу үшін қажетті деректер сақталады. Тарифтеу ережелерін оператор белгілейді және құны лезде төлемді қамтамасыз ете отырып, автоматты түрде есептеледі. Пайдаланушылар өздерінің тіркеулік жазбаларының деректерін мобильді қосымша арқылы көре алады және әртүрлі төлем құралдарын пайдаланса да, олардың әрекеттерінің толық көрінісін ала алады.
Жанасусыз төлемдер
Соңдай-ақ, ашық түрдегі жүйелер жанасусыз төлемдермен байланыстырылады. Мұндай жүйелер Visa, MasterCard, Amex, UnionPay және жергілікті төлем схемалары арқылы дебеттік немесе кредиттік карталарымен жасалған төлемдерді өңдейді. Сондай-ақ, олар төлемді жаңа төлем құралдарымен, мысалы, мобильді әмияндармен (ApplePay, SamsungPay, GooglePay, Alipay және басқалармен), сондай-ақ NFC технологиясын қолдайтын тасымалданатын құрылғылармен (ақылды сағаттар мен білезіктер) қабылдайды, олар қазір қаланың көрнекі жерлеріне немесе іс-шараларына барған кезде иелерін кіру үшін кезекке тұру қажеттілігінен сақтай отырып, жиі қолданылады.
O-CITY қандай нұсқаны ұсынады?
Бүкіл әлемдегі қалалар ашық түрдегі жүйелерді көбірек таңдағанымен, кейбір операторлар қолма-қол ақшасыз және жанасусыз төлемге біртіндеп көшу арқылы «жабық» нұсқаға бейім. O-CITY жобасын жасау кезінде - бұл ескерілді және біздің жүйе әр түрлі төлем құралдарымен бір уақытта жұмыс істей алады. Бұл ретте пайдаланушылар қосымшадағы өз төлемдерінің толық тарихын көре алады, ал операторлар – портал арқылы тарифтеуді басқара алады. Гибридті модельдің арқасында O-CITY бүкіл әлемдегі операторлардың да, пайдаланушылардың да алуан түрлі қажеттіліктеріне жауап береді.
Ашық қалаларға арналған жүйе
Егер жүйені пайдаланушылар өздеріне ыңғайлы түрде төлем жасай алатын болса, бұл олардың қызмет көрсету сапасы туралы әсерін түбегейлі өзгертеді және цифрлық төлем әдістерінің таралуына ықпал етеді деп санаймыз. Жоғары технологиялық төлем сервистерін қолдайтын және сол арқылы көлікте кез-келген төлем құралдарымен ақы төлеуді қамтамасыз ететін инфрақұрылымды құру қалалық ортаны шынымен ақылды етуге, ал қала тұрғындарын өмір сапасына риза етуге көмектеседі.
Артықшылықтары - барлығы ұтыста
Көлік қызметтерін жеткізушілер
- Шығындарды азайту
- Инфрақұрылымға инвестиция салудың қажеті жоқ
- Жылдам іске қосу
- Қосымша табыс
- Өзекті ақпаратқа жылдам орталықтандырылған қол жеткізу есебінен тиімділікті арттыру
- Алаяқтық пен билетсіз жол жүруден болатын шығындарды азайту
- Қарапайым тарифтеу
Соңғы пайдаланушылар
- Жүйеде өз іс-әрекеттері туралы толық ақпарат
- Таңдау бойынша кез келген құралдармен төлеу
- Өзіне-өзі қызмет көрсету
- Билет сатып алуға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ
- Жол жүру құнын автоматтандырылған дербестендірілген есептеу
- Кіріктірілген уәждемелік және жеңілдік бағдарламалары және әлеуметтік жеңілдіктерді есепке алу
- Көлік шығындарын жоспарлауға арналған ақпарат