<img alt="" src="http://www.lack4skip.com/205213.png" style="display:none;">

Қаланың көрнекі жерлері

Бұрын автоматты билеттеу дәстүрлі түрде тек көлікте қолданылған. O-CITY оны жаппай пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады

Әрбір микротөлем көрсетілген қызметтен пайдаланушыда жағымды әсер алу мүмкіндігін қамтиды. Бұл көзге көрінбейтін, бірақ маңызды әсер барлық қалалық сервистердің және жалпы қаладағы өмірдің міндетті құрамдас бөлігі бола алады. Қолма-қол ақшасыз, бөгеуілсіз, ешқандай кедергілерсіз. Қала өзінің тұрғындары мен қонақтары үшін толығымен ашық болады, өйткені олар кез-келген қызметті кез-келген ыңғайлы тәсілмен оңай, тез және қауіпсіз төлей алады және сонымен бірге төлемдерге бақылауды сақтай алады.   

O-CITY өту ақысын төлеу немесе билетті көрсету талап етілетін кез келген қалалық объектідегі кез келген сервисті жеңіл және қолайлы ете алады.

iphone_twin_04
OCity-Attraction

Келушілерді тарту

O-CITY көмегімен Сіз оған біріктірілген тұтынушылық сервистермен ыңғайлы қалалық ортаны құра аласыз және барлық салаларда өз қалаңыздың тартымдылығын арттыра аласыз 

Ocity_Header_Validator

Жеңіл біріктіру

O-CITY шешімінің ашық архитектурасы бірыңғай төлем механизмін пайдалану және барлық қатысушылар арасындағы есеп айырысулардың толық ашықтығы үшін оны кез келген бөгде сервистермен біріктіруді жеңілдетеді.  

Ocity_Future

Одан әрі даму мүмкіндіктері

Ақылды қалалар концепциясының дамуына қарай бізді қоғамдық көліктің жаңа түрлерінің және көлік нарығының жаңа ойыншыларының пайда болуымен, сонымен қатар Заттар интернетін қолданумен байланысты одан әрі инновациялар күтіп тұр. O-CITY платформасына пайдаланушылардың өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне сәйкес оны одан әрі технологиялық дамыту үшін мүмкіндіктер ең басынан бастап енгізілген.  

 

Ocity_Cross_Sell

Ілеспе сатылымдар  

Жүйеге бөгде сервистерді қосу қалаларға қосымша табыс алуға және экожүйе жөніндегі серіктестермен бірлескен маркетингтік науқандар мен акциялардың артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Деректерді талдау және контекстік маркетинг пайдаланушылар үшін ұсыныстарды одан әрі дербестендіруге және оның өзектілігіне қол жеткізуге көмектеседі.   

Негізгі функционалы

  • Смартфондар мен компьютерлерге арналған нұсқалардағы пайдаланушылар үшін қосымша
  • Қалалық инфрақұрылымды пайдалану туралы толық ақпарат
  • Open API арқылы бөгде компаниялармен бірігу
  • Күрделі тарифтік жоспарларды оңай басқару
  • Қосымша ақылы және тегін сервистер
  • Маркетинг және жылжыту
  • Қатысушылардың кез келген санына арналған клирингілік есеп айырысу операциялары 
  • Дербестендірілген есептілік және талдау

 

Барлығы үшін тиімді жаппай пайдалану